Футбол

Роберт Евдокимов: «Астанаға» «Легияға» қарсы кездесуде сәттілік тілеймін

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының 21-ші туры аясында өз алаңында қостанайлық «Тобыл» командасын қабылдап 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңындағы баспасөз жиынында қостанайлық команда бас бапкері Роберт Евдокимов журналистердің сұрақтарына жауап беріп, кездесу туралы өз ойымен бөлісті.

- «Астана» командасы бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Олар алаңда өте жақсы ойын үлгісін көрсетіп, допты бақылап, лайықты жеңіске жетті. Біздің командада гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болды. Алайда, оңтайлы пайдалана алмадық.

- Команда сапына жаңадан келген легионерлер шабуыл шебінде дұрыс ойнай алмады. Тіпті, ойын деңгейлерін отандық футболшылармен салыстыратын болсақ, айтарлықтай мықты емес. Осындай ойыншыларды команда сапына шақырудың керегі қанша?

- Мүмкін, бүгінгі ойын жағдайында сізбен келісуге де болатын шығар. Біріншіден, команда құрамын мен жасақтамағандықтан, бұл ойыншылар туралы ештеңе дей алмаймын. Негізінен бұл ойыншылар өздерін әлі де жақсы қырынан көрсете алады деген сенімдемін.

- Сіздің «Тобыл» командасын қабылдағаныңызға көп уақыт болған жоқ. Осыған дейінгі екі кездесуде команда жеңіске жетті. Жалпы Сізге команда басшылығы осы маусымға қандай тапсырма берді?

- Біздің басты мақсатымыз әр ойында жеңіске жету.

- Ал команда қай орындарға таласады? Үшінші, төртінші...

- Барынша жоғары орынға. Біз егер алдағы уақыттағы өткізетін ойындарымызда жеңіске жететін болсақ, нәтиже де жаман болмайтыны сөзсіз. Теориялық тұрғыда бірінші орын да алуымыз мүмкін (күледі). Нақты үшінші немесе төртінші орын ал деген тапсырма жүктелген жоқ. Бізге берілген жалғыз тапсырма, кез келген ойында үш ұпайға қол жеткізіп, жеңіске жету. Өкінішке қарай, бүгінгі кездесуде ол қолымыздан келмеді.

- Қазақстан Премьер-Лигасының деңгейіне қандай баға бересіз?

- Мен әзірге чемпионаттың деңгейіне баға бере алмаймын. Себебі, небәрі үш командаға қарсы ойын өткіздім. Мүмкін, күз айларының басында өз пікірімді білдірермін. Ал «Астана» командасы туралы айтар болсам, өте мықты, жинақы команда. Алдағы «Легияға» қарсы кездесуде «Астана» командасына сәттілік тілеймін. Ойын қиын болары анық. Дегенмен, барлығы өз қолдарыңызда.

- Қостанайда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан стадион қашан қолданылуға берілмек?

- Менің ойымша сұрақты маған емес, клуб басшылығына қойғаныңыз дұрыс болады. Себебі, менің келгеніме аз ғана уақыт болды. Ал жалпы алғанда чемпионаттың үшінші айналымын жөндеу жұмыстарынан өткен Қостанайдағы алаңда өткіземіз деген жоспарымыз бар.

Түпнұсқасы: fca.kz/ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер