Теннис

Михаил Кукушкин: Президент Кубогының арқасында үздік 100-ке ілінемін

Михаил Кукушкин: Президент Кубогының арқасында үздік 100-ке ілінемін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Президент Кубогы жайлы және Дэвис Кубогындағы Аргентинаға қарсы кездесуден не күтетін айтып берді.

- Михаил, биылғы жылғы Президент Кубогының ұйымдастырылу деңгейі қандай? Өткен жылға қарағанда өзгерістер бар ма?

- Ұйымдастырылу жағынан керемет. Көптеген мықты ойыншылар мұнда қайтып оралуда. Егер жарыстың деңгейі ұнамаған болса, Астанаға оралмас еді. Тек ауа-райы сәл кедергі болып тұр. Ойындарды жаңбырдың кесірінен кейінге қалдыруға мәжбүр. Бірақ жалпы алғанда мұндағы теннисшілер үшін де, мен үшін де Президент Кубогының орны ерекше.

- Өкінішке қарай, әлемдік рейтингіде үздік 100-тен шығып қалдыңыз. Президент Кубогында қажетті ұпай жинап, жағдайыңызды жақсарта аласыз ба?

- Иә, әрине. Жарақатымның кесіренен жарты жылдай өнер көрсетпедім. Көп ұпай жоғалттым. Ендігі ақырындап ұпай жинап, рейтингіде жоғарылауым қажет. Президент Кубогы бұған себепкер болады деген сенімдемін. Оның үстіне, бұл жарыста жеңімпаз атанғанмын. Бұл жолы да сәтті өнер көрсетіп, әлемдік рейтингіде үздік 100-ке ілінемін.

- Кезінде «Челенджердің» арқасында Давид Гоффен құлдырауға кеткен мансабын қайта көтерді. Сіздің де мұндай мүмкіндігіңіз бар ғой.

- Иә, ұқсастық бар. Рейтингіде төмен түскен сайын, жоғары деңгейлі жарыстарға қатыса алмайсың. Қазір рейтингіні көп ойлай бермеуге тырысамын. Өзімнің орныма қарап, негізгі кезеңде ойнайтын жарыстарды қараймын. Бірақ Президент Кубогында рейтингіме қарамастан қатысамын. Өйткені бұл менің туған жарысымын. Дегенмен, жақын арада рейтингімді жақсартып, «Челенджер» жарыстарына қатыспаймын.

- Дэвис Кубогындағы Аргентинаға қарсы кездесуден не күтесіз?

- Әрине, бұл кездесу қиынға соғады. Себебі, Аргентина өткен жылғы Дэвис Кубогының иегері.Дель Потродан бастап құрамы мықты теннисшілерден жасақталған. Бірақ бізге қолдау көрсететін жанкүйерлеріміз, өзіміздің алаң көмегін береді. Өйткені Дэвис Кубогында өз алаңымызда әрқашан жақсы нәтижеге жетеміз. Аргентина - қарымды қарсылас. Бірақ оған қарамастан жақсы өнер көрсетуге тырысамыз, тіпті жеңіп кетуіміз де ғажап емес.

- Александр Бублик әзірге Қазақстан құрамасында ойнай алмайды. Оның құраманы күшейтуге қауқары жете ме?

- Ол жас та болса өте мықты теннисші. Бірнеше үлкен жеңістерге жетті. Әрине, кез келген спортшыға құлдырау тән. Жасөспірімдер теннисінен үлкен тенниске ауысу оңай емес. Бірақ ол жақын арада Қазақстан құрамасын күшейтетін теннисшіге айналатынына сенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер