Ой қорыту
Футбол

«Қайраттың» «жұлдыздары» «дым» да істей алмады - албаниялық тілші

«Қайраттың» «жұлдыздары» «дым» да істей алмады - албаниялық тілші
news-banner7
mobile-news-top

Албаниялық Panorama.com.al сайтының спорт шолушысы Илир Цара отандық БАҚ-тың біріне берген сұхбатында алматылық «Қайрат» пен «Скендербеу» арасындағы кездесу туралы ащы да болса шындықты айтыпты. Оның ойынша «Қайраттың» футболшылары тек ақша үшін ойнайды.

Алматының «Қайраты» Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде сенсациялы түрде албаниялық ұжымға қауқары жетпей, жарты жолда сүрінген.

«Қайратта» ақша көп, ал «Скендербеу» Еуропада ойнаған мол тәжірибесі бар. Бұл тартыста «Қайрат» өте әлсіз көрінді. Команда сапындағы атақты футболшылар «дым» да істей алмады. Жеңіске жетуге құлшынып тұрған, нағыз рухты команда жеңді.

Меніңше, «Қайрат» өркөкірек грузиндік бапкер мен жұлдызды футболшылардың «жемісін» жеп отыр. Ал «Скендербеудің» жетістігі қарсыласына құрметпен қарап, өздеріне сенгендерінің арқасы. «Қайрат» ойыншылары клубтың намысы үшін емес, тек ақша үшін ойнайды.

Барлық нәтижеге бас бапкер жауапты. «Қайраттың» ақшасымен қарапайым «Скендербеуден» жеңілу - сұмдық нәрсе. Албаниялық футболшылар нағыз ерлерге тән мінезі бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», - деп ащы да болса шындықты айтты.

Біздің «жоғарыда» отырған басшыларға тіке шындықты айтатын жанкүйер, тілші жоқ. Көп легионерлер ақшаның жауы екенін, өзге футболшылардың деңгейінің төмен екенін айтатын адам жоқ. Бар болса да, тыңдар құлақ жоқ. Біздің футболдың хәлі осы...

#KahaOut #ҚайратқаӨзгерісҚажет #ФутболАнглиядаТуылыпҚазақстандаӨлген


Айбар РЫСДӘУЛЕТТІҢ жеке блогы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер