Футбол

Рохер Каньяс - «Ордабасының» ойыншысы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Колумбиялық футболшы Рохер Каньяс шымкенттік «Ордабасы» клубымен келісімшарт жасасты.

27-жастағы жартылайқорғаушы Қазақстанда 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Алдымен қарағандылық «Шахтёр» сапында доп тепсе, кейін елордалық «Астанаға» ауысты.

Жалпы, Қазақстан Премьер-Лигасында 142 кездесуге қатысып, 19 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеген. Сонымен қатар, еурокубота қазақстандық клубтың сапында ең көп ойын өткізген. 42 рет жасыл алаңға шығып, 5 голдың авторы атанған.

Соңғы командасы Кипрдің АПОЭЛ-і болды. Жарты жыл кипрлік клубта жалда ойнап, чемпион атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер