Футбол

Саян Хамитжанов: «Легиямен» ойынға команда жоғары дайындықта болады

Саян Хамитжанов: «Легиямен» ойынға команда жоғары дайындықта болады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының Бас менеджері Саян Хамитжанов УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі туралы өз пікірін білдірді.

«Бізге өте мықты команда қарсылас атанды. «Легия» - Польшаның 12 дүркін чемпиондары ғана емес, соңғы 4 маусымда ішкі чемпионаттарында топ жарған мықты ұжым. Дәл осы командаға қарап, поляк футболының деңгейіне баға беруге болады. «Легия» - Польшаның ең үздік футбол клубы. Польша чемпионатының деңгейі шынында өте жоғары. Бұл чемпионатта доп тепкен ойыншылар әр маусымның соңында еуропаның топ-клубтарына ауысып жатады. «Легия» сапында өнер көрсететін төрт бірдей ойыншы Польша Ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырылып тұрады. Ал варшавалықтар алаңда әрдайым «бірінші» нөмірмен, жылдам футбол ойнағанды ұнатады. Өздеріңіз көргендей, «Легия» Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Финляндия чемпионы «Мариехамн» командасын екі ойын қорытындысы бойынша 9:0 есебімен жеңді. Ал дәл осы «Мариехамн» командасы 2016 жылы Финляндия чемпионатында қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс «ХИК» футбол клубын турнирлік кестеде артқа тастаған болатын. Өткен еурокубок маусымы естеріңізде болса, «Легия» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтіп, дәл сол жылғы аталмыш турнирдің жеңімпазы атанған мадридтік «Реалға» қарсы ойнаған болатын. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталып, маусымның ең әсерлі ойыны ретінде есте қалған еді.

Ал «Легия» футбол клубының жанкүйерлері туралы айтар болсам, бұл команданың фанаттары екі ойыннан тұратын теке-тіресте польшалық клубтың басты артықшылығы дер едім. Себебі, варшавалықтар үйдегі кездесулерін өткізетін «Поляк әскері» стадионының атмосферасы, фанаттары барлық Еуропаға жақсы таныс.

«Легияға» қарсы екі ойыннан тұратын тартыстың алғашқы кездесуі Астанада өтетіні бізге қол емес. Дегенмен, жоғарыда поляк футбол клубы туралы айтылған артықшылықтарға қарамастан, біз «Легия» командасынан еш қорықпайтынымызды сеніммен айта аламын. Біз екі ойын қорытындысы бойынша «Легия» командасын жеңіп, ойынның соңғы минутына дейін күресуге дайынбыз. 26-шы шілде және 2-ші шілде күндері өтетін ойынға біздің команда жоғары дайындықпен келетін болады. Дегенмен, барлығы бір Алланның қолында!- дейді Саян Хамитжанов.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» командасы польшалық «Легия» (Варшава) футбол клубына қарсы ойнайды.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер