Футбол

ҚКФЛ «Астана» клубын Чемпиондар лигасының 3 кезеңіне өтуімен құттықтады

news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы «Астана» футбол клубын УЕФА Чемпиондар Лигасында өнер көрсетуін жалғастыруымен құттықтады.
«Бүгін барлық қазақстандықтар Станимир Стойловтың командасына қолдау көрсетті. «Астана» жанкүйердердің үмітін ақтап, өзіне қолайлы есепке қол жеткізді.
Келесі кезеңде еліміздің чемпионын «Легия» (Польша) - «Мариехамн» (Финляндия) жұбының жеңімпазы күтіп отыр. Бірінші ойын Астанада 25 немесе 26 шілдеде, ал қарымта кездесу қонақта 2 немесе 3 тамызда ойналады.
Сонымен қатар, «Ертіс» және «Қайрат» футбол клубтарына Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің қарымта кездесулерінде сәттілік тілейміз! Бұл ойындар 20-нан 21-не қараған түні өтеді. Халықаралық аренада біздің клубтарды бірге қолдайық!», - делінген құттықтау хатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер