Бокс

Қанат Исламның бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді?

Қанат Исламның бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді?
news-banner7
mobile-news-top

Қыркүйекте «ЭКСПО» аясында өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын қазақстандық спортшылар белгілі болды.

Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукпен күш сынасады. Сондай-ақ, отандық басылымның мәліметтеріне сүйенсек, Астанада өтетін бокс кешінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Диман Ниязов және Нұрсұлтан Жаңабаев өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары кейін белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, 9-шы қыркүйек күні Астана қаласында «ЭКСПО» көрмесі аясында үлкен бокс кеші өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер