Футбол

«Астана» «Спартакпен» тең түсіп, үшінші кезеңге өтті

«Астана» «Спартакпен» тең түсіп, үшінші кезеңге өтті
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» өз алаңында латвиялық «Спартакпен» тең түсті.

Юрмалада өткен алғашқы кездесуде Станимир Стойловтың шәкірттері бір доп айырмасымен жеңіске жеткен. Бүгін елордалық ұжым жасыл алаңға тек жеңіс үшін шығатыны айдан анық болатын.

Алаң иелері алғашқы минуттан «Спартактың» қақпасына лап қойды. Твумаси мен Кабананга қонақ команданың қақпасына бірнеше соққы жасаған. Дегенмен, ойынның бірінші бөлігінде «Спартак» ойыншылары елордалық команданың қауһарына төтеп бере алды.

Екінші тайм басталғанына 15 минут өткенде Патрик Твумаси есепті ашқан. Алайда араға 13 минут салып қонақтар таразы басын теңестірді. Варданян 72-ші минутта гол соғып, командасын жеңілістен аман сақтап қалды.

Осылайша, елордалық ұжым қос кездесудің қорытындысы бойынша келесі айналымға өтті. Үшінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астанаға» польшалық «Легиямен» жолдама үшін таласады.


Чемпиондар лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Қарымта кездесу (1:0)

«Астана» (Қазақстан) - «Спартак» (Латвия, Юрмала) 1:1 (0:0)

Голдар: 59' Твумаси (1:0) - 72' Варданян (1:1)

«Астана»: Мокин, Шитов, Аничич, Кляйнхайслер, Мужиков, Граховац, Маевский, Твумаси, Логвиненко, Кабананга, Шомко;

«Спартак»: Неругал, Стуглис, Шлампе, Варданян, Пушняков, Гаурачс, Козлов, Стуглис, Ибрагимов, Габелок, Михадюк.

Бас төреші: Хараламбос Калогеропулос (Грекия)

Қапталдағы төрешілер: Трифон Петропулос, Александрос Гревинис (екеуі де - Грекия)

Ойынның қосалқы төрешіс: Праксителис Захариадис (Грекия)

18.07.2017 жыл. Астана қаласы. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер