МӘССАҒАН
Футбол

Айгерім Бектібаева: «Барселонаның» ойынына қазақ жұлдыздары көп келді»

Айгерім Бектібаева: «Барселонаның» ойынына қазақ жұлдыздары көп келді»
news-banner7
mobile-news-top

Барселонаға барып байқағаным, ол жақта қазақтар көп екен. Жалпы, ТМД аумағынан қоныс аударғандар жетерлік. Орыстар, беларустар, молдован, украин, тағысын тағы. Барселонадағы қазақтар қауымдастығының өкілдерімен сөйлесіп арасында спорт десе ішкен асын жерге қоятын нәзік жандылар бар екеніне таң қалдым.

Айгерім Бектібаева – Барсада 5 жыл тұрып жатқан алматылық қыз. Таныстығымыз ғаламторда басталды.

Маусымның 30-ы күні Каталонияға ұшып бара жатқанымда ол «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» ардагерлерінің матчын тамашалап отырған. Барған бетте қаракөз қандасымызды әңгімеге тарттым:

- Барселонаға қалай жол түсті?

- Оқуға келгем. Маркетинг және PR мамандығы бойынша диссертация қорғадым жақында. Күзге таман диплом қолға тиеді. Сабақ аяқталған соң бос жүрмейін деп тәжірибе өтуге ірі компанияға орналастым, кейін басшылар ұнатып қызметке алды.

- Сонда кішкентай кезіңнен осы жақта тұруды армандадың ба?

- Иә, испан тілі ұнайтын. Ата-анам қызығушылығымды байқап оқуға түсуге көмектесті.

- Қай команданың жанкүйерісің?

- «Манчестерді» қолдаймын!

- Мәссаған! Қалайша? Барселонада тұрып «Манчестерге» жанкүйер болу қызық екен.

- «Қызыл сойқандарың» ойынын баяғыдан ұнатам. Ал ұлттық құрамалар деңгейінде тек Испанияға жақпын. Айтпақшы, Әлем чемпионатына іріктеу аясында Италияға қарсы матч осында өтеді. Билетке алдын ала тапсырыс бердім. Бізде солай істеуге болады.

- Маусымның 30-да аңыздар ойынын тамашалап ләззат алған шығарсың? «Манчестердің» атағы дардай футболшыларын тірідей көрдің.

- Әрине, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сол ойынға қазақ жұлдыздары, осы жердегі қауымдастықтың өкілдері келіп мәз-мейрам болдық. Нағыз естен кетпес күн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер