Футбол

«Црвена Звезда» — «Ертіс» ойынына билеттер құны белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Црвена Звезда» — «Ертіс» арасындағы қарымта ойынға билеттер құны белгілі болды, деп хабарлайды сербиялық клубтың ресми сайты.

Оңтүстік трибунадағы орындар 400 динарды (1250 теңге) құрады. Шығыс трибунадағы орындар 600 динарға (1870 теңге) бағаланды. Батыс трибунадағы билеттер ең қымбат болып саналады, олардың құны — 800 динар (2845 теңге).

Еске салайық, Еуропа Лигасының екінші квалификациялық кезеңіндегі «Црвена Звезда» — «Ертіс» арасындағы қарымта матч 21 шілде күні Белградтағы «Райко Митич» стадионында өтеді. Бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер