Футбол

Эдгар Варданян: Стадионға жанкүйерлердің көбірек жиналғаны бізге де жақсы

news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астанаға» қарсы жауапты ойын алдында «Спартак» командасының ойыншысы Эдгар Варданян БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз конференциясын өткізді.

– Бірінші ойыннан кейін, бір гол ғана айырмашылықпен ұтылуымыз бізге ауыр соқы болғаны рас. Өз алаңымызда бірінші таймда біз абдырап қалдық. Бапкеріміз Марек Зубтың нұсқауынан жаңылғандай болдық. Алайда, үзілісте жаттықтырушымыздың ақыл-кеңесі келесі 45 минутты жаңа қарқынмен бастауымызға септігін тигізді. Енді жауапты матч басқаша бағытта өрбиді деп үміттенеміз. Дегенмен, «Астананың» өз алаңында жеңілмей келе жатқанын да білеміз. Бұл кездесуде біз жылдам гол жіберіп алудан сақ болуымыз керек. Ертеңгі ойында Юрмаладағы екінші таймдағы ойынымызды көрсетеміз деп ойлаймын.

– «Астана» сапынан кімді ерекше атап өтер едіңіз?

– Бірінші кезекте қапталда өнер көрсететін Патрик Твумасиді ерекше атап өтер едім. Оның жылдамдығы, дәлдігі қатты ұнайды. Оған Латвия чемпионатында бірнеше рет қарсы ойнадым. Оның жылдан жылға ойыншы ретінде дамып жатқанын байқауға болады. Өте жылдам әрі техникалық жағынан мықты ойыншы. Қай кезде қандай шешім қабылдау керек екенін жақсы біледі. Соққысы жойқын. Сондай-ақ, Джуниор Кабананганың да орны ерекше. Нағыз шабуылшыға тән қасиеттер оның бойында бар деп сенімді түрде айта аламын. Бұдан бөлек «Астананың» орталық тұсындағы ойыншылардың бір-бірін көзбен-ақ түсінісе білуі таң қалдырмай қоймады.

– Юрмаладағы ойында 1500-2000 жанкүйер ғана болды. Ертең сіздер мыңға жуық 10-15 мың жанкүйердің алдында өнер көрсетесіздер. Жасанды алаңы тағы бар. Бұл сіздерге кері әсерін тигізбей ме?

– Меніңше, бұл қайта оң әсерін беруі керек. Стадионда жанкүйерлер неғұрлым көбірек болса, ойыншының да бар қырынан таныла түсуіне әсерін береді деп ойлаймын. Ал жасанды алаңға келер болсақ, біз маусымның басын синтетикалық алаңда ойнадық. Сондықтан бұл да бізге еш қиындық болмайды деп ойлаймын.

– Бас бапкердің командадан кетуіне қалай қарайсыз?

– Бұл енді футбол ғой. Мұнда бәрі болуы мүмкін. Бапкерімнің командадан кетіп бара жатқаны бір жағынан өкінішті. Бірақ әркімнің өз таңдауы бар ғой. Бапкеріме алғыстан басқа айтарым жоқ. Бірге жүріп кемшіліктерімді түзедім.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер