Футбол

Instat. Аничич – «Спартак» - «Астана» кездесуінің үздік ойыншысы

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі қалыптасқан дәстүрге орай, ойыншылардың барлық көрсеткіштерін есептейтін Instat нәтижелерінің қорытындысын жариялайды.

Чемпиондар Лигасы екінші Іріктеу кезеңі аясында өткен «Спартак» (Латвия) – «Астана» арасындағы алғашқы ойын 1:0 есебімен аяқталған еді. Ойында соғылған жалғыз голдың авторы Патрик Твумаси.

Ал Instat Index көрсеткіші бойынша елордалық команданың орталық қорғаушысы Марин Аничич (274) үздік атанды. Босниялық ойыншы жекелей тартыста 83% нәтиже көрсетіп, 85% дәл пас берген.

Екінші орында Патрик Твумаси. Ганалық шабуылшы ойындағы қарсылас команда қақпасына тура соққы бағыттау көрсеткіші бойынша үздік шықты. Оның еншісінде 5 соққы.

Үздік үштікті Юрий Логвиненко қорытындылады. Елордалық команданың негізгі орталық қорғаушысы аталмыш кездесуде де өзінің «әуедегі доптың королі» екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Instat Index көрсеткіші бойынша үздік бестік төмендегідей:
1.Марин Аничич 274
2. Патрик Твумаси 261
3. Юрий Логвиненко 251
4. Дмитрий Шомко 245
5. Ласло Кляйнхайслер 233

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер