Футбол

Бағдат Қайыров: «Бізге қазір ұпай ауадай қажет»

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбенің» қорғаушысы Бағдат Қайыров «Тараз» (1:1) командасына қарсы өткен ойын туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

- Бірінші таймда тең ойын болды. Қос команда да жақсы шабуылдар жасап, есеп ашатын сәттері болды. Өздеріңіз көрдіңіздер, голды бірінші тайм соңында стандарттан жіберіп қойдық. Екінші таймда бапкердің айтқан нұсқауларын дұрыс орындап, команда ойыны жақсарды. Біз зор басымдыққа ие болдық. Шамалы сәттілік жетіспеді. Негізі жеңетін ойын еді. Тең есепке қанағаттанбадық. Себебі, бізге қазір ұпайлар ауадай қажет. Алдағы ойындарда бізді тек жеңістер күтіп тұр деп үміт етеміз.

Түпнұсқасы: fc-aktobe.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер