Волейбол

Қазақстан құрамасы алғашқы үш ұпайға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы алғашқы үш ұпайға қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Алматының Б. Шолақ спорт кешенінде волейболдан әлемдік Гран-При турының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстанның әйелдер құрамасы Хорватия құрамасымен кедзесіп, алғашқы үш ұпайға қол жеткізді.

Вячеслав Шапранның шәкірттері дейін әлемдік Гран-При аясында бес кездесу өткізіп, бесуінде жеңіліс тапқан. Алайда, алтыншы кездесуде жерлестеріміз келген жанкүйерлерді қуантып, Хорватия құрамасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы турнир кестесінде 10-шы орынға көтерілді.

Есетеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан командасы Германия мен Колумбия құрамаларынан ойсырай ұтылған еді.

Айта кетейік, әлемдік Гран-При турының соңғы кезеңі Оңтүстік Кореяда шілде айының аяғында өтеді. Отандастарымыз ол жерде Колумбия, Оңтүстік Корея және Польша ұжымдарымен бақ сынайды.

Алматы қаласы. Б. Шолақ спорт сарайы. Әлемдік Гран-при. Екінші кезең

Қазақстан - Хорватия 3:1 (25:22, 22:25, 25:20, 25:15)

Қазақстан: Жданова, Кемпа, Акилова, Яковлева, Кенжебаева, Татько, Береснева, Рубцова, Баткульдина, Богдашкина, Сафронова, Фендрикова

Хорватия: Сейн, Бозичевич, Ботиган, Стимач, Струнджак, Павичич, Сунджич, Фабрис, Томич, Чурак, Вукасович, Минар, Лукетич

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер