Теннис

Гарбинье Мугуруса «Уимблдон» турнирінде топ жарды

Гарбинье Мугуруса  «Уимблдон» турнирінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен «Уимблдон» жарысының әйелдер арасындағы сыны мәреге жетті.

Финалдық кездесуде американдық Винус Уильямс пен испан қызы Гарбинье Мугуруса кездескен болатын.

Ақтық сында ардагер Уильямс өзінен әлдеқайда жас қарсыласына айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Екі сетке созылған ойынның қортынды есебі 7:5, 6:0.

Гарбинье Мугуруса Испания елі қыздарының арасында «Уимблдон» турнирінде топ жарған екінші испандық қыз атанды. Бұған дейін Кончита Мартинес «Уимблдонда» үздік шыққан еді.

Айта кетейік дәл осы Кончита Мартинес бүгінде Гарбинье Мугурусаға бапкері.

«Уимблдон». Жекелей жарыс (Әйелдер). Финал

Гарбинье Мугуруса (Испания) 7:5, 6:0 Винус Уильямс (АҚШ)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер