СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Футбол

Футболда төрешілер қалай пайда болды?

Футболда төрешілер қалай пайда болды?
news-banner7
mobile-news-top

Сіз сенбейтін шығарсыз, бірақ бұрын футболда ешқандай төреші болмаған. Мысалы, XIX ғасырдың ортасында англиялық командалар матчтың алдында алаңға қанша ойыншы шығатынын, кездесу қанша минутқа созылатынын келісіп алатын. Ол кезде футболда әлі джентельмендік рух болған еді. Ал даулы сәттерде екі команда ортақ шешім шығаратын.

Бірақ бірде Итон мен Винчестердің студенттік командалары ортада біреудің «делдал» болуын қалаған. Сөйтіп, сол «делдалдар» әр команданың қақпасы артында тұрып, соғылған голдарды санап тұрған. Кейін, «делдалдан» бөлек рефери пайда болды. Олар алаңның жиегінде тұрып, «делдал» қабылдай алмаған шешімдерді шығарған.

1881 жылы рефериге голдың соғылған-соғылмағанын анықтау міндеті қойылды. Бірақ мұндай өзгеріс көбіне ұнаған жоқ: көптеген футбол клубтары төрешінің матч нәтижесі үлкен әсер тигізетінін айтып, қарсы болған. Ол кезде арбитрлер әлі де алаң жиегінде тұратын еді.

Тек 1891 жылы ғана қазылар алаңға шыға бастады. Сол кезде ысқырық та пайда болды. Бірақ төрешілердің міндеті әлі біреу еді: голды есептеу немесе есептемеу. 1896 жылы бас қазыға берілетін мүмкіндік те көбейді.

Жаңағы «делдалдар» қапталдағы төреші болып өзгерді, енді олардың мақсаттары: доптың алаң жиегінен шыққан-шықпағанын қарап тұру. Кәсіпқой футболдың дамуымен, арбитрлерге аздаған сыйақы да беріле бастады. Мұнда да талап болатын: матч төрешінің үйінен 30 миль алыста өтетін болса.

Айтпақшы, төрешілерде ысқырықтың пайда болуы бір қызық оқиғамен байланысты. Бұған дейін олар айқайлап сөйлейтін немесе қоңырау қолданатын. Бірақ матчтардың бірінде арбитр міндетін полиция қызметкері атқарды. Алаңда төбелес болған кезде ол көп ойланбай ысқырықты пайдаланған. Мұндайды күтпеген футболшылар дереу төбелесті қоя салады. Содан, футбол шенеуніктері төрешілерге ысқырық беруді жөн деп санайды. Бұл оқиға XIX ғасырда болғанымен, ысқырық әлі күнге дейін сақталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер