Футбол

Срджан Граховац: Юрмаланың алаңы сапалы ойнауға кедергі келтірді

Срджан Граховац: Юрмаланың алаңы сапалы ойнауға кедергі келтірді
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» жартылай қорғаушысы Срджан Граховац Prosports.kz порталына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Спартакқа» қарсы матч жайлы ойымен бөлісті.

- Срджан, басында ойын «Астана» үшін оңай өтетіндей көрінген. Алайда бәрі қиындау болып шықты, солай емес пе?

- Иә, солай деуге болады. Бірінші таймда бірнеше жақсы мүмкіндігіміз болған, бірақ пайдалана алмадық. Екінші таймда гол соға алғанымыз жақсы болды. Бірақ одан да көп гол соққанымызда, қазір бәрі оңайырақ көрінетін еді.

- «Спартак» таңқалдыра алды ма?

- Жоқ, олардың мықты команда екенін білдік. Жеңіске жеткеніміз жақсы болды.

- Стойлов алаңның жағдайы нашар екеін айтқан. Ол сізге кедергі келтірді ме?

- Иә, келтірді деуге болады. «Астана Аренаның» көгалы жылдамырақ. Юрмаладағы алаң сапалы ойын көрсетуімізге кедергі келтірді деп ойлаймын.

- Қарымта матчта «Астана» азулы шабуылдайтын шығар?

- Әрине, мақсатымыз – келесі кезеңге өту. Өз алаңымызда тек жеңіс үшін ойнаймыз.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана» Чемпиондар лигасының екніші іріктеу кезеңінде латвиялық «Спартакқа» қарсы алғашқы матчта жеңіске жетті. Жалғыз голды Патрик Твумаси соққан болатын.

Қарымта кездесу 18 шілдеде өтеді. Ойынның басталуы – 20:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Астана-Аренада оңай жеңеді.
Жауап беру