Футбол

«Спартак» - «Астана» матчын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі латвиялық «Спартак» клубымен елордалық «Астана» арасындағы алғашқы кездесуді Қазақстан аумағында «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

– «Астана» командасы еліміздегі ең мықты клубтардың бірі. Сондықтан «Хабар» арнасына елордалық клубтың Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуін көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандық жанкүйерлер Юрмалада өтетін «Астананың» сырт алаңдағы ойынын тікелей эфирде көргенін қалаймыз», - дейді «Хабар» арнасының спорт бөлімінің продюссері Асхат Жақаев.

Айта кетейік, «Спартак» - «Астана» матчы 12 шілде күні Юрмала қаласында өтеді. «Хабар» арнасы кездесуді Астана уақыты бойынша 22:00-де көрсетеді. Ойынды Ермухамед Маулен мен Айбек Қабылша жүргізеді.

Түпнұсқасы: instagram.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер