Жаға ұстатты
Футбол

«Црвена Звезданың» фанаттары жазаланды

«Црвена Звезданың» фанаттары жазаланды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА «Црвена Звезданың» фанаттық секторы «Райко Митичке» дисквалификация жасады.

Санкция стадионның Солтүстік трибунасына жасалды. Мұнда әдетте «Црвена Звезданың» ең белсенді фанаттары «Делиjе Север» отыратын.

Мұндай жазаның қолданылуына жанкүйерлердің өздері кінәлі. Олар Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі мальталық «Флорианаға» қарсы ойында төрелік еткен бас қазыға тіл тигізген.

Осылайша, «Ертіске» қарсы жауапты матчта «Црвена Звезда» футболшылары әдеттегідей өз жанкүйерлерінің қолдауын ести алмайды.

Айта кетейік, сербиялық фанаттар Еуропадағы ең үздіктердің бірі саналады.

Ал «Ертіс» пен «Црвена Звезда» арасындағы алғашқы матч 13 шілдеде Павлодарда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер