OTANDЫҚ ФУТБОЛ
Футбол

Ғажайып Camp Nou

Ғажайып Camp Nou
news-banner7
mobile-news-top

Барселонаға барып тұрып «Камп Ноуды» көрмеу күнәмен пара-пар. Алматыға сырттан келген адамдар Көк төбеге асығады ғой, сол сияқты. Бірақ каталониялықтар үшін «Камп Ноудың» орны бөлек. Өйткені Барселона футболмен тыныстайды.

Prosports.kz тілшісі «Камп Ноуға» барғанда футбол маусымы аяқталып қойған. Матчтар тамыз айынан мамырға дейін жалғасады. Дегенмен бұл музейді көріп стадионға кіруге кедергі емес. Онлайн сатылымдағы билет таңғажайып футбол әлемінің есігін ашады.

«Ола» деп күлімдеп күтіп алатын сылқым қыздар QR кодымен қол белгісін тағып берген соң жол көрсетеді.

«Ола» деп күлімдеп күтіп алатын сылқым қыздар QR кодымен қол белгісін тағып берген соң жол көрсетеді.

Тур бағдарламасы

«Камп Ноуда» бәрін көріп шығу үшін 1,5 - 2 сағат жеткілікті. Белгіленген бағыт былай:

«Барселона» музейі, жүлделер;

Командалардың киім ауыстыратын бөлмесі;

Пресс-центр;

Интервью орны;

Алаң жиегі;

Коментаторлық бөлмелер;

Фан-шоп.

Музейде түрлі заттар бар.

Музейде түрлі заттар бар. «Барселонаның» алғашқы кубогынан бастап Пуйольдің соңғы капитандық белгісіне дейін. Қазіргі таңдағы істеп тұрған музейлердің арасындағы ең үздігі дәл осы «Барселона» мұражайы шығар. Мұндағы ретроспектива кез келген жанкүйерді таңғалдырады. Нашар тұсы - мұндағы кезектер. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып жатқан туристерді қабылдау үшін мұражай таңғы 9:30-да ашылып 19:30-да жабылады.

Жүлделерді тамашалаған соң стадионның төменгі қабатындағы бөлмелерді аралауға болады.

Месси, Неймар, Суарес және т.б. жігіттер киім ауыстырып жүрген бөлме.

Месси, Неймар, Суарес және т.б. жігіттер киім ауыстырып жүрген бөлме.

Спортшылар ауыр ойыннан кейін джакузиде жатып денені қалыпқа келтіреді.

Спортшылар ауыр ойыннан кейін джакузиде жатып денені қалыпқа келтіреді.

Ал мына дәліз талайға таныс. Осы жерден ойыншылар алаңға аттанады.

Ал мына дәліз талайға таныс. Осы жерден ойыншылар алаңға аттанады.

Өкінішке қарай, футбол маусымында бара алмадым Барсаға. Қазір мұнда тек туристер мен жұмысшылар. Камп Ноудың қызметкерлері алаңның шөбін ауыстырып әлек. Алайда ортаңғы бөлік трибунада жалғыз тұрсаң да тылсым әсерді сезесің. Стадионның жаны бар секілді. Барсафандардың меккесіне айналған футбол ордасы алыптығымен мысыңды басады, қызықтырады, елітеді. Міне-міне трибуна астынан Месси алаңға жүгіріп шығатындай...

Камп Ноуға кіру үшін 25 еуро төлеген әр адам Чемпиондар лигасының кубогы жанында суретке түсе алады.

Камп Ноуға кіру үшін 25 еуро төлеген әр адам Чемпиондар лигасының кубогы жанында суретке түсе алады.

Ресми фан-шоп шыға берісте. Өте үлкен. Стадионға тиіп тұр. Естелікке бірдеңе алам десеңіз, мархабат. Бірақ бағасы қымбаттау. «Барсаның» оригинал жейдесі үшін жағдайы орта деңгейлі еуропалық үшін түк те емес шығар 100 еуро. Бірақ ТМД-дан барғандар үшін ащылау сияқты. Қазақстандықтардың көбісі арқасында Месси деген жазуы бар жейдені қаладан 20 еуроға сатып алады екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер