«Астана» «Қайсарды» сенімді жеңді
![«Астана» «Қайсарды» сенімді жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content/c2e331afd6f3284358f42762a2d01029.jpg?v=28671950)
Футболдан ел чемпионатының 19-турында ел чемпионы «Астана» қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.
Алаң иелері УЕФА Чемпиондар лигасына қатысатын болғандықтан, біріншілік матчы уақытынан бұрын ойналды.
Ойын астаналық футболшының жылдам есеп ашуымен басталды. 14-минутта Патрик Твумасидің алыстан бағыттаған жойқын соққысы «Астананы» алға шығарды.
Үзілістен кейін Юрий Логвиненко таблодағы көрсеткішті ұлғайтты – 2:0. «Астана» өз алаңында кезекті үш ұпайына қол жеткізді.
Осылайша, «Астана» 48 ұпай еншілеп, екінші орындағы «Қайраттан» 8 ұпайға озып кетті. Бірақ алматылық клуб өз матчын әлі өткізген жоқ. Ал «Қайсар» болса, соңғы алты матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Команда 20 ұпаймен алтыншы сатыда тұр.
«Астана» - «Қайсар» 2:0 (1:0)
Голдар: 1:0 – Твумаси 14, 2:0 – Логвиненко 71