Волейбол

«Алтай» Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

«Алтай» Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Вьетнамда өтіп жатқан волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық «Алтай» жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз ¼ финалда Қытайдың «Бэйцзинь БАИК Моторс» командасымен кездескен болатын. Үш сетке созылған ойында «Алтай» 3:0 (25:19,25:22,25:21) есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда қазақстандық команда жапондық «Тойота Госсей Трефуэрза» командасымен кездеседі.

Екінші жартылай финалда ирандық «Сармае Банк» пен катарлық «Аль-Араби» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер