Футбол

«Спартак» - «Астана» кездесуінің бас төрешісі тағайындалды

news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Спартак» - «Астана» кездесуінің төрешілер құрамы белгілі болды.

Ойынның бас төрешісі қызметіне қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс 2014 жылы «Кукеси» - «Қайрат» арасындағы кездесуге төрелік еткен ирландиялық маман Нил Дойл тағайындалды. Аталмыш кездесу 0:0 есебімен тең аяқталып, төреші ойында 3 сары қағаз көрсеткен. Алматылық команда сапынан Александр Кислицин жазаланған еді.

39 жастағы Дублиннің тұрғыны 2011 жылдан бастап УЕФА және ФИФА-ның матчтарында төрелік етіп келеді. Дойл осы уақыт аралығында жасөспірімдер және жастар арасындағы Еуропа чемпионатында, және де Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының квалификациялық кезеңдерінде қызмет атқарған. Өткен жылы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында өткен «Тотенхем» - «Байер Леверкузен» арасындағы кездесуде ойынның бас төрешісі қызметін атқарған. Және де 2016 жылы Норвегия –Англия 0:2 және Македония – Иран 1:3 арасындағы екі жолдастық кездесуде төрелік еткен. Соңғы екі кездесуде ирландиялық қазы 6 сары қағаз көрсетсе, соның бесеуінде қонақ команда ойыншылары жазаланған.

Ал «Спартак» - «Астана» арасындағы кездесуде Дойлға отандастары Роберт Кларк пен Дермот Броугтон көмектеседі. Ойынның қосалқы төрешісі – Роберт Хеннесси.fca.kz

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер