Санчес: Канелоны соңғы раундтарда жеңсек, жеткілікті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызГеннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегінен не күтетінін айтты.
«Ертең Геннадий лагерьге келіп, жаттығуды бастаймыз. «Канелоны» соңғы раундтарда немесе төрешілер шешімімен жеңсең, жеткілікті болады», - деді Санчес Fighthype.com-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Нью-Йорктегі T-Mobile аренасында өтеді.