Ой қорыту
Бокс

GGG соңғы 5 жекпе-жегінде қанша қаражат тапты?

GGG соңғы 5 жекпе-жегінде қанша қаражат тапты?
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) соңғы 5 жекпе-жегінде жалпы сомасы 12 миллион доллар сыйақы алған.

Ең жоғары сыйақы көлемі - 4 млн АҚШ доллары. Аталмыш қаражатты Головкин британиялық боксшы Келл Брукқа қарсы кездесуден кейін алған.

Америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы соңғы жекпе-жегінде қазақстандық боксшының сыйақысы 2,5 миллион долларды құраған.

GGG-дің соңғы 5 жекпе-жегінде алған сыйақы көлемі:

5. 16.05.2015 жыл. Кіші Вилли Монро (АҚШ) - 1,5 миллион АҚШ доллары

4. 17.09.2015 жыл. Дэвид Лемье (Канада) - 2 миллион АҚШ доллары

3. 23.04.2016 жыл. Доминик Уэйд (АҚШ) - 2 миллион АҚШ доллары

2. 10.09.2016 жыл. Келл Брук (Ұлыбритания) - 4 миллион АҚШ доллары

1. 18.03.2017 жыл. Дэниел Джейкобс (АҚШ) - 2,5 миллион АҚШ доллары

Еске сала кетейік, қыркүйектің 16-ы Лас-Вегастың T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер