Германия - Конфедерация кубогының иегері
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін футболдан Конфедерация кубогының финалында Германия Чили құрамасымен кездесті.
Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өрбіген тартысты ойын немістердің жеңісімен аяқталды - 1:0. Кездесудегі жалғыз голды бірінші таймның ортасында Ларс Штиндль соқты. Матч соңына дейін чилиліктер есепті теңестірмекші болған, алайда олардың бұл жоспары жүзеге аспады.
Осылайша, Йоахим Левтің шәкірттері тұңғыш рет Конфедерация кубогының жеңімпазы атанды.
Конфедерация кубогы - 2017. Финал
Германия - Чили 1:0 (1:0)
Гол: Штиндль 20