Хорватия чемпионатының үздік асистенті «Астанаға» ауысты
![Хорватия чемпионатының үздік асистенті «Астанаға» ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content/8c4fa41d2f622170e697acaf051420b4.jpg?v=28667966)
«Астана» футбол клубы хорватиялық «Риека» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасовпен еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.
Томасов «Риекадан» бөлек, өз Отанында «Хайдук» және «Задр» командалары сапында өнер көрсеткен. Хорватиялық ойыншы Германия чемпионатының өкілі «Мюнхен-1860» сапында 3 маусым өткізген. Сондай-ақ, соңғы маусымда Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасында жалда ойнаған.
Беделді Тransfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша Хорватия жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен ойыншының құны 2 миллион еуроны құрайды. Томасов өз кезегінде Хорватия ұлттық құрамасы сапында да бір ойын өткізген.
Марин 2015/2016 жылғы футбол маусымында Хорватия чемпионатында үздік асистент атанса, ел Кубогында үздік сұрмерген болған еді.
Қазақстанның үш дүркін чемпиондары хорватиялық ойыншы бір жылға жалға алды.