Әлем футболы
Футбол

Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын растады

Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын растады
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» және португалия құрамасының форварды Криштиану Роналду егіз екі баланың әкесі атанғанын мойындады.

Осыған байланысты Конфедерация Кубогының 3-ші орын үшін болатын таласта Португалия құрамасының атынан ойнамайтын болды. Мұндай шешімге Чилимен болған жартылай финалдан кейін келген болатын. Естеріңізге сала кетсек, пенальти тебу кезінде 0:3 есебімен Португалия құрамасы қарсылас командаға есе жіберген болатын. Егер финалға шығатын болса, Роналду құрамада қалатын еді.

«Мен балаларым дүниеге келсе де, бар ойым ойында болды. Өкініштісі, біз финалға шыға алмадық, бірақ та , португалдықтарға қуаныш сыйлауды жалғастыра бермекпіз. Құрама бапкері менің қалауымды орындап, ойыннан босатты. Мен бұл жақсылығын ұмытпаймын. Балаларымды алғаш рет көруге аттанбақшымын, өте қуаныштымын», - деді «Реал» шабуылшысы өзінің фейсбук парақшасында.

Атақшы футболшының дүниеге келген қызы мен ұлына Матео және Ева деген есімдер берілген. 8 маусымда балалардың суррогат ана көмегімен өмірге келгенін португал және испан БАҚ-тары жарыса жазған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер