русский язык
Бокс

Геннадий Головкин ЕХРО көрмесіне қатысады

Геннадий Головкин ЕХРО көрмесіне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Қазақстанға келді.

Тengrinews.kz порталының хабарлауынша, боксшы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысады.

2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапары барысында Головкин EXPO-2017 көрмесінің ресми елшісі болып тағайындалды.

Қазақстанға сапары барысында Головкин Қарағандыда болады. 7 маусымда оның туған жері Майқұдық ауданында Головкиннің атындағы спорт кешені ашылады. Салтанатты шараға Головкиннің өзі, балалар үйінің тәрбиеленушілері және Қарағандының спорт мектептері қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;