Жаға ұстатты
Футбол

Қазақ футболындағы грузиндер

Қазақ футболындағы грузиндер
news-banner7
mobile-news-top

Грузияның футболшылары мен бапкерлері Қазақстан чемпионатына көрік беріп жүр. Әрқайсысы бөлек-бөлек тоқталуға лайықты.

Кахабер Цхададзе

90-жылдары Грузия құрамасында харизмасымен көзге түсіп, кейін бапкер ретінде де құрметке ие болды. «Қайратқа» дейін Кахабер Цхададзе Әзірбайжанда және өз елінде сәтті өнер көрсетті. Алматылық клубқа Цхададзе маусым ортасында келген болатын. Грузин бапкеріне сын да жиі айтылады, бірақ жеңілістен соң әрқашан өзін кінәлайды. «Астана» мен «Шахтерді» тас-талқан еткен соң, оған басшылық сенімі арта түскен шығар. Келесі сынақ – еурокубок.

Омари Тетрадзе

«Негізі, ұлтым – грек. Бірақ он алты жасымнан Тетрадземін, оған дейін Осипов болғанмын. Тбилисилік «Динамоның» дубліне түскен соң әкемнің кеңесімен әжемнің тегін алдым», - дейді Омари Тетрадзенің өзі. Ол Грузияда туған грек болса да, Ресей құрамасында өнер көрсетті. Соған қарамастан, Грузия Тетрадзенің негізгі үйі саналатыны сөзсіз. Сонымен қатар, оның командасында қашан да грузиндер болады. «Тобылға» келгенде де, Тетрадзе өз отандасын шақырды.

Ника Квеквескири

«Тобылдың» жаңа ойыншысы әзірше қостанайлық клуб сапында алаңға шыққан жоқ. Сондықтан оның болашағы туралы бірдеңе деу қиын. 25 жастағы Квеквескири Грузия құрамасында бірнеше матч өткізіп, әзірбайжандық «Интер» мен «Габала» клубтарында сәтті ойнады.

Лаша Двали

22 жастағы Двали алты елге барып, алты клубта ойнап үлгерді. Бойшаң қорғаушы Англияға дейін жеткен, алайда бюрократиялық қиындықтарға байланысты ойнай алған жоқ. Өкінішке қарай, «Ертіс» орталық қорғаушысын командада қалдыра алмайды – жалға берілген уақыты бітті. Енді Лаша польшалық «Шленскке» қайта оралады. Бірақ аз уақыттың ішінде Павлодарда өзін жақсы жағынан көрсете алды.

Владимир Двалишвили

Сегіз жыл бұрын Владимир Двалишвили қазақстандық футболдағы ең өкінішті жеңілістердің біріне қатысқан еді. Сол кезде Грузияның жас шабуылшысы израильдік «Маккабиде» ойнайтын. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде 3:0 есебімен жеңіп жатқан «Ақтөбе» қақпасына жеңіс голын соққан. Қазір Двалишвили 31 жаста және тағдыр оны Қазақстанның батысына қайта алып келді. Бұл жолы «Атыраудың» ойыншысы ретінде. Грузиялық шабуылшы ҚПЛ-да 13 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

Уча Лобжанидзе

Лобжанидзе – 2007/08 маусымдағы Грузия чемпионатының үздік қорғаушысы. Украина арқылы Еуропаның мықты чемпионаттарына барғысы келген. Алайда «Днепрден» алысқа бара алмады. Кейін Уча Кипрде ойнады, артынша еліне оралып, елордалық «Динамода» өнер көрсетті. Ал биыл көктемде «Атыраудың» жейдесін киді.

Гогита Гогуа

Никита Бочаровтың сөзінше, Гогуа «Ордабасының» ең көңілді ойыншысы. Гогита РФПЛ мен ФНЛ-дың бірнеше клубтарында ойнап үлгерген. «Ска-Энергиядан» «Сатурн», «Химкиге» дейін. «Спартак-Нальчик» пен «Теректе» де ойнап шықты. Қазақстанда Гогуа «Ертісте» тамаша ойнаған. Жарты маусымнан соң «Ордабасымен» келісім-шартқа отырды. Бүгінде екінші таймда алаңға шығып, командасына көмектесіп жүр.

Отар Марцваладзе

Марцваладзенің мансабы да, өмірі де оқиғаға толы. Футболда киевтік «Динамо» мен тбилисилік «Динамода» ойнап шықты. Ресейлік «Краснодар» сапында ФНЛ-дің үздік сұрмергені болды. «Волга» сапында да доп тепті. Ал өміріне келер болсақ, Отар жол апатына ұшырап, әкесінен айырылған болатын. Бүгінде Гогуамен бірге «Ордабасыда» ойнап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер