Жаға ұстатты
Футбол

Қанша легионер құрамаға шақырту алды

Қанша легионер құрамаға шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Премьер-лигада үзіліс басталды, бірақ кей легионерлер демалмайды.

Джуниор Кабананга. «Астана»/ Конго ДР құрамасы

Африка кубогындағы нәтижеден соң «Астананың» шабуылшысын отанында жетекші ойыншылардың бірі ретінде күтеді. Бұл үміттері бекер де емес. Биыл конголық форвард Қазақстан Премьер-лигасында 11 гол соғып үлгерді.

Кіммен ойнайды: Конго ДР құрамасы Африка кубогының іріктеу турнирі аясында Мароккомен кездеседі.

Аздрен Ллуллаку. «Астана»/ Албания құрамасы

«Астананың» жаңа шабуылшысына дәл қазір тек сенім ғана қажет. Румынияда көрсеткен үздік ойынын ҚПЛ-да қайталай алмай жүрсе де, Станимир Стойлов Ллуллакуға уақыт бермек. Албания құрамасының бапкері Джанни Ди Бьязи де оған сенім артады.

Кіммен ойнайды: Бүгін албаниялықтар Люксембургпен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 11 маусымда 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Израильге қонаққа барады.

Иван Маевский. «Астана»/ Беларусь құрамасы

ҚПЛ-ға келген жаңа ойыншылардың ішінде үздіктердің бірі. Ұлттық құрамада да оған үлкен сенім артылады.

Кіммен ойнайды: 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде белорустар Болгариямен күш сынасады. Артынша Жаңа Зеландиямен жолдастық кездесу өткізеді.

Лаша Двали. «Ертіс»/ Грузия құрамасы. Владимир Двалишвили, Уча Лобжанидзе. «Атырау»/ Грузия құрамасы

«Ертістің» жас қорғаушысы Қазақстанда өзін жақсы қырынан көрсете алды. Бірақ жақын арада Двали польшалық «Шленскке» қайта оралады (жалға берілген уақыты бітті). Владимир Вайсс Қазақстан Премьер-лигасын ұмытпаған сыңайлы. Ол Двалиден бөлек, «мұнайшылар» сапынан Владимир Двалишвили мен Учи Лобжанидзені шақырды.

Кіммен ойнайды: 7 маусымда грузиндер Сент-Китс және Невиске қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ал 11 маусымда 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Молдоваға қонаққа барады.

Акош Элек. «Қайрат»/ Венгрия құрамасы

Бернд Шторк та қазақ футболын ұмытпағандай. «Қайратта» ойнайтын Акош Электі ұлттық құрамаға шақыртты. Электің әдеттегі жартылай қорғаныста емес, қорғаныста ойнап жүргені кедергі келтірмеген сияқты.

Кіммен ойнайды: Ертең Венгрия құрамасы жолдастық кездесуде Ресеймен жолдастық матч өткізеді. Ал 9 маусымда венгрлер Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Андорраға аттанады.

Александр Гейнрих. «Ордабасы»/Өзбекстан құрамасы

«Ордабасының» өте тәжірибелі шабуылшысы Өзбекстан құрамасына қосылып үлгерді. Гейнрих Шымкентте аз ойнап жүр. Бірақ Самвел Бабаян оған әлі де сенім артады.

Кіммен ойнайды: 6 маусымда өзбекстандықтар жолдастық кездесуде Таиланд құрамасымен күш сынасады. Ал 12 маусымда ӘЧ азиялық іріктеу аясында Иранға қонаққа барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер