Футбол

«Ювентус» - «Реал»: ойын алдында

«Ювентус» - «Реал»: ойын алдында
news-banner7
mobile-news-top

Футбол жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отырған Чемпиондар лигасының финалы болатын күнге де жеттік. Кардиффте өтетін финалдық ойында туриндік «Ювентус» пен мадридтік «Реал» кездеседі.

Туриндік команда осыған дейін сегіз рет финалға шығып оның екеуінде жеңіске жеткен. Соңғы рет «Ювентус» Чемпиондар лигасында 1996-шы жылы топ жарған. Екі команда соңғы рет екі жыл бұрын Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездескен. Қос ойын қортындысында туриндік команда финалға өткен. «Ювентусты» финалға алып шыққан голды қазірде «Реалда» жүрген Мората соққан.

«Ювентус» Италияның чемпионы. Бұл атаққа олар 33-ші рет қол жеткізіп отыр. Дәл осынша рет «Реал» Испания чемпионы атанған.

Чемпиондар лигасында екі команда 19 рет кездесіп әрқайсы сегізден жеңіске жеткен.

1998-шы жылғы финалда екі команда кездесіп, мадридтік команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Финалға дейінгі ойындарда ең көп гол соққан команда «Реал»(32 гол), ал «Ювентус» ең аз гол жіберген(3 доп).


Массимилиано Аллегри «Ювентус» клубының бас бапкері: «Біз финалға шығу үшін бір жыл еңбек еттік. «Реал» – Чемпиондар лигасының қаізіргі жеңімпазы. Сондықтан оңай болмайды. Биылғы маусымдағы барлық өткізген ойындарымыз, жеңіп алған жүлделеріміз бәрі-бәрі Чемпиондар лигасының финалына дайындық болды. Біз қалай да жеңіске жетуіміз керек. Біздің қолымыздан келеді. Адамдар «Ювентустың» алты финалда ұтылғандығын айтуда. Алайда, ол тарих. 15, 20 немесе 50 жыл бұрын болған дүниелерді еске алудың қажеті шамалы. Бізді мүлдем бөлек ойын күтіп тұр» (УЕФА ресми сайты)

«Реал» бапкері Зинедин Зидан: «Біз әрқашан фаворитпіз, бірақ финалда ондай болмайды. Көп ойындарда ұтылдық, сондықтан жеңілістің не екендігін жақсы білемін. «Ювентуста» да тура осы жағдай. Өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз. Футболсүйер қауымның барлығы тамаша финал көргісі келетінін түсінемін. Алайда ойынымызды өзгерту ойымызда жоқ. Осы күнге дейін көрсетіп келген футболды ары қарай көрсетеміз» (УЕФА ресми сайты)

Кездесуде неміс төрешілері қызмет етеді. Бас төреші 41 жасар Феликс Брых.

Букмкерлік кеңселер туриндіктердің жеңісіне 2,99, мадридтік команданың жеңісіне 2,6, тең ойын болады дегенге 3,09 коэфицент беріп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер