Әлем футболы
Футбол

16 жас, алаңда 19 минут, 45 миллион еуро. «Реал» кімді сатып алды?

16 жас, алаңда 19 минут, 45 миллион еуро. «Реал» кімді сатып алды?
news-banner7
mobile-news-top

23-ші мамыр күні «Реал» 16 жасар Винисиус Жуниорды 45 миллионға сатып алғаннын хабарлаған болатын. Винисиусқа «Сантьяго Бернабеуде» ойнау бақыты 2018 жылы кәмелет жасқа толғанда ғана бұйырмақ.

Фигу, Бекхэм, Иско, Озил, Бензема, Модричтан бағасы асып түскен футболшы бар жоғы 2 ресми матчта-ақ «патшалық клубтың» көзіне түсті. Бразилия құрамасының бапкері Карлос Амадеу 16 жасар Винисиусты Неймарға, Робиньоға теңеп, болашағынан зор үміт күттіретін ойыншының бірі болатынын айтып өтті.

Винисиус 2000 жылы 12 шілдеде Рио-де-Жанейродағы Сан-Гонсало аумағында кедей отбасында дүниеге келген. Ол өзінің ата-анасымен, екі бауырымен қоса әжесінің үйін паналаған. Басқа балалар секілді, Винисиус та кішкентай кезінен футболға құмар болған. 5 жасар баланы «Фламенго» бапкерлері байқап, өздерінің клубына шақырды.



«Фламенго» бапкері Какаудың пікірінше, Винисиус өте ұялшақ бала болған. Ұялшақ бола тұра, қабілеті үшін өзінен 1 жас үлкен топқа ауыстырылды. Винисиустың кез келген жас аралығындағы топтармен ойнауға қабілеті жеткілікті болды, ол ешқашан шаршамайтын, ересектермен өткен ойыннан кейін үнемі қатарластарына барып, тәжіребиесімен бөлісетін.

Жас футболшы Бразилия құрамасының бапкері Клаудио Касапенің («Лионның» бұрынғы қорғаушысы) көзіне түсіп, жасөспірімдер командасында да өзін тек жақсы жағынан көрсете бастады.

14 жасында футболшының кәсіби мансабы басталды. Өткен жылдың қазан айында Рио жастар кубогында «Ботофого» клубына қарсы ойында көзге түскен болатын.

Винисиус Жуниор — «Фламенго» футбол клубында 2005 жылдан бері ойнап келеді. 2017 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Оңтүстік Америка кубогында 7 гол соғып, турнирдің үздік сұрмерген атанды.

Осы матчтан кейін «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Барселона» тинейджерлерінен ұсыныстар түсе бастады. Винисиусқа Бразилия футболшысы Неймар «Камп Ноуға» ауысуға өтініш білдіру үшін арнайы кездескен болатын. Бірақ та, футболшы мадридтік ұжымды таңдады.

Жуниор өз сөзінде «Реалдай» клубқа өткеніне бақытты екенін айтып, қазіргі таңда «Фламенго» үшін ойнайтынын айтты. Fox Sports Brazil тікелей эфирінде Винисиус Мессиді пір тұтатынын және FIFA 17 ойынында Барселонаны таңдайтынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер