Бокс

Сантос-Россарио: Киркленд арқылы Қанаттың танымалдылығы артады

Сантос-Россарио: Киркленд арқылы Қанаттың танымалдылығы артады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің экс-бапкері Дерек Сантос-Россарио қазақстандық Қанат Ислам мен америкалық Джеймс Киркленд арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайлы пікір білдірді.

- Мен бұл туралы естідім. Менің ойымша, осы кездесу Қанатты америкалық боксқа арналған БАҚ-тар мен жанкүйерлер арасында таныамалдылығын арттырады. Бәрі Кирклендті іс жүзінде көргісі келеді. Ол - шулы боксшы. Алғашқы үш раундта өте қауіпті бола алады. Болашағынан көп үміт күтуге болар еді. Бірақ кәсіпқой бокстағы жалғыз әйел бапкер Энн Вольф жаттығуға біртүрлі әдістерді таңдап алды. Бұл стандартты емес жаттығу үлгісі оған әсер етті.

Қазір бокс жанкүйерлері арасында сауалнама жүргізсек, жартысы Қанаттың кім екенін және қай салмақта жұдырықтасатынын білмейтінін айтады. Бұл - шындық. Сондықтан ол осы кездесуде жеңіп шығуы тиіс. Бұл оған жаңа есіктерді ашып береді. Оның рекордсы жақсы. Командасына сәттілік тілеймін. Олар топ-боксшыларға лайықты, - деді Сантос.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер