Жаға ұстатты
Футбол

Дмитрий Васильевтің қолына кісен салынды

Дмитрий Васильевтің қолына кісен салынды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ақтөбе сотында былтыр жергілікті футбол клубын басқарған Дмитрий Васильевке үкім шығарылды.

Васильев Қылмыстық кодекстің 189- бабының 4-бөлімі бойынша («Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу») айыпталған болатын. Сот шешімі бойынша «Ақтөбенің» бұрынғы директоры сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның жеке мүлкі тәркіленеді.

Ал облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Маханов болса, Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп табылды. Енді ол алдағы 7 жылын түрмеде өткізеді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте басшылық лауазымда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Маханов үкімді мойындап, үндеген жоқ. Ал Васильевтің қолына кісен салынғанда, шешімге қарсы екенін айтып қалды.

Сонымен қатар, сотталушылар Ақтөбе облыстық қаржы басқармасына 240 млн теңгеден астам материалдық шығынды қайтаруы тиіс. Сондай-ақ, үкім бойынша, Васильев мемлекетке 43 млн 836 теңге, ал Маханов 1 млн 94 мың теңге қайтаруы қажет.

Алайда адвокаттар бұл үкіммен келіспейтіндерін айтты. Енді олар аппелияциялық шағым түсірмек.

Естеріңізге сала кетсек, Дмитрий Васильев "Ақтөбенің" директоры қызметіне 2015 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын. Ал былтыр қарашада клуб бюджетіне берілген ақшаны жымқырғаны үшін айыпталған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер