Criminals
Бокс

Венесуэлалық боксшыға рингте шабуыл жасалды

Венесуэлалық боксшыға рингте шабуыл жасалды
news-banner7
mobile-news-top

Венесуэлалық боксшы Хосе Ускатегиға рингте шабуыл жасалды. Оқиға Ускатеги мен америкалық Андре Диррел арасындағы жекпе-жекте болды.

Боксшылар Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белбеуі үшін жұдырықтасқан. Кездесудің сегізінші раундында венесуэлалық қарсыласын нокаутқа жіберд. Алайда Ускатегидің жеңісі есепке алынбады. Төрешілер боксшы қарсыласына гонгтан кейін соққылар жасаған деп шешті. Нәтижесінде Ускатегиді дисквалификациялады. Содан кейін рингке Диррелдің ағасы шығып, Венесуэладан келген спортшының бетінен екі рет ұрып жіберді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шабуылдаушыны іздеуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер