Criminals
Футбол

Месси - қылмыскер

Месси - қылмыскер
news-banner7
mobile-news-top

Испанияның Жоғарғы соты Аргентина құрамасы мен испаниялық «Барселона» клубының 29 жастағы шабуылшысы Лионель Мессиді айыптау үкімін шығарды. Бұл жайлы ТАСС сайты хабарлады.

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Испания заңына сәйкес, екі жылға жетпейтін мерзім шартты жазаға ауыстырылады. Сондықтан сотталушылар жазасын түрмеде өтеуге міндетті емес.

8b93902d313d41b806f005d482734e41.jpg

Сонымен қатар, Месси 2,1 миллион еуро айыппұл төлеуі тиіс. Ал футболшының әкесінің жазасы 21 айдан 15 айға дейін қысқарды.

Сот төрелігі футболшы мен оның әкесі Хорхенің өткен жылдың маусымында 2007, 2008, 2009 жылдары 4,1 миллион еуро салықты жасырғанын дәлелдеді.

Лионель Месси – «алтын доп» атағының бес дүркін иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер