Басқа

«Манчестер Аренада» жарылыс болды

«Манчестер Аренада» жарылыс болды
news-banner7
mobile-news-top

22-ші мамыр күні кешке Ұлыбританиядағы «Манчестер Аренада» әнші Ариана Гранденің концерті кезінде жарылыс болды. Нәтижесінде ондаған адам қаза тауып, біршамасы жараланған.

Полиция болған оқиғаны терактқа балап отыр. Sky News арнасы бұл туралы сол жердегі куәгерлердің ақпаратына сілтеме жасап берген болатын. Әлеуметтік желілерде куәгерлер түсірген видеолар пайда болған.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 22 адам қаза тауып, 59 адам ауруханаға жеткізілген. Манчестерлік полиция басшысы Ян Хопкинс бұл жарылысты лаңкес жасады деп мәлімдеді. Тергеушілер лаңкестің өзімен бірге жарылғыш затты алып кіріп, өзін жарып жіберді деп болжап отыр. Әзірге бірде-бір лаңкестік ұйым бұл жарылысты өз мойнына алмады. Сонымен қатар, полиция бұл іске бір ғана лаңкестің немесе лаңкестік ұйымның қатысы бар екенін білмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер