Әлем футболы
Футбол

Еуропаның үздік ойыншысы бүгін соңғы матчын өткізді

Еуропаның үздік ойыншысы бүгін соңғы матчын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Хаби Алонсоның мен Филипп Ламның «Альянц Арена» стадионындағы соңғы матчы сәтті аяқталды.

«Бавария» құрамасы «Фрайбургті» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Хаби Алонсо үшін соңғы ойын болған матчта 1 гол авторы атанды.

e5ef1a6e39095a910c837e80308c821a.jpg

«Реал», «Ливерпуль» сапында ойнаған Алонсоны соңғы клубы мюнхендік «Бавария» 10 милиион еуроға сатып алған болатын. «Реал» клубының президенті Флорентино Перес ол туралы былай дейді: «Мен үшін Хаби Алонсо ең үздік ойыншы. Ол – Еуропадағы керемет пас беруші». Оның «Ливерпулдегі» бұрынғы командаласы Стивен Джеррардқа «сіз кіммен қайтадан тізе қосып ойнағыңыз келеді» дегенде, ойланбастан Хаби Алонсоны атады.

Хаби Алонсоның жетістіктеріне көз жүгіртсек:

«Ливерпуль»

  • 2005/2006 Англия Кубогының иегері
  • 2004/2005 Чемпиондар лигасының жеңімпазы
  • 2006 Англия Суперкубогының иегері
  • 2005 UEFA Суперкубогының иегері

«Реал»(Мадрид)

  • 2011/12 Испания чемпионы
  • 2010/11, 2013/14 Испания Кубогының иегері
  • 2013/2014 Чемпиондар лигасының жеңімпазы
  • 2012 Испания Суперкубогының иегері
  • 2014 UEFA Суперкубогының иегері

«Бавария»

  • 2014/2015, 2015/2016 Германия чемпионы
  • 2015/2016 Германия Кубогының иегері
  • 2016 Германия Суперкубогының иегері

Испания құрамасындағы жетістіктері

  • 2008, 2012 Еуропа чемпионы
  • 2010 Әлем чемпионы

Жеке жүлделері

  • GQ журналының нұсқасы бойынша 2011 жылдың «Жыл спортшысы» атағы
  • UEFA нұсқасы бойынша 2012 жылғы Еуропа чемпионатының символдық құрамына кірді.
  • 2012 жылғы Еуропа чемпионатының Испания-Франция матчында матч үздігі атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер