Әлем футболы
Футбол

Әлемге әйгілі футбол жанкүйерлері

Әлемге әйгілі футбол жанкүйерлері
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін назарларыңызға әлемнің атақты футбол жанкүйерлері және олардың сүйікті құрамалары туралы ұсынамыз:

1. Ұлыбритания патшайымы «Арсенал"

04ce4cf134558a9e956561de24e818dc.jpg

Арсеналдың 50 жылдан бері жанкүйері болып келе жатқан Ұлыбритания патшайымы – Елизавета II. «Зеңбірекшілер» құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас патшайым футболға қызығатын, біздің жанкүйеріміз екенін, мені танитынын айтты деп зор мақтанышпен сұхбат берген болатын Актёрлер Том Круз, Роберт Паттисон, жазушы Паоло Коэльоның , кейбір деректерде Фидель Кастро мен Усама Бен Ладеннің Арсеналға жанкүйерлер екені айталады.

2. Нельсон Мандела - «Ливерпуль»

0acc150dee6a03aebb7a83c0a463a2be.jpg

ОАР бұрынғы президенті Нельсон Манделаның «Ливерпульға» жан-тәнімен берілген жанкүйер екенін байқауға болады. Мерсисайдтықтардың жанкүйерлері – Анджелина Джоли, «Джеймс Бонд» атанып кеткен Дэниел Крейг, Сэмюэл Джексон және Ричард Гир, атақты рэпер Dr.Dre. Осындай достары бар «қызыл жейділілер» әрқашан олардың көңілінен шығуға тырысады.

3. Шарлиз Терон – «Челси»

5fdc161e3d8f2e519784d76c9d3fcdc6.jpg

Әйгілі актриса Шарлиз Теронның «Челсиға» махаббаты қайырымдылық мақсатында жасалған ісінен басталған. Ол Африкадағы балаларға футбол алаңын ашу үшін «Челси» басшылығымен хабарласып, келісім-шартқа отырған. Кейіннен, ұлы Джексонмен «Челси» ойындарын көруге жиі келетін болған. «Көктердің» жанкүйерлері - Гай Ричи (өзінің Мадоннасымен ойында танысқан), Американың 42-ші президенті Бил Клинтон, кино әлемінің майталмандары Эштон Катчер, Мет Деймон, Адам Сендлер, Гвинет Пелтроу, Эмма Уотсон.

4. Джастин Тимбэрлейк - «Манчестер Юнайтед»

b632b13f18c0273fdf30844631e9b5f0.jpg

Джастин Тимбэрлейк «Алан Смит – менің сүйікті ойыншым, Роналду да» деген сөздерімен-ақ футболдың жанкүйері екенін танытқан болатын. Сахналарда «МЮ-ге» арнап, ән шырқап, сүйіспеншілігін жасырмайды және матчтарын қалдырмауға тырысады. «Қызыл сойқандар» десе ішкен асын жерге қоятын әйгілілер - Барбадос поп-әншісі Рианна, актерлер Орландо Блум, Брэд Питт, боксшы Майк Тайсон, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози.

5. Том Хэнкс - "Астон Вилла"

466647c1b00d352371a0fcec5e7f63a9.jpg

«Форрест Гамп» жұлдызы, атақты Голливуд актері Том Хэнкс өзінің «Вилла парксіз» елестете алмайтынын айтқан болатын. «Астон Вилла» жанкүйерлері арасында Ұлыбритания бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен «Тұманды альбион» ханзадасы Уильям да бар.

6. Кира Найтли «Вест Хэм»

133a16c488cad8c85ba731f2f5f3c1e5.jpg

Өзінің берген сұхбатында атақты актриса Кира Найтли футболға қызығушылығы «Дэвид сиякты ойна» фильміне түскеннен кейін бастау алғанын және Англияның «Вест Хэміне» жанкүйер екенін айтқан болатын. «Балғашылардың» ең сенімді әйгілі «достары» - әнші Кэти Перри, актер Элайджа Вуд, боксшы Леннокс Льюис және АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама.

7. Дженнифер Лопес – «Реал Мадрид»

484ec2d757e6530dc042751d3f1455a6.jpg

«Королдік» клуб жанкүйерлері өте көп-ақ. Актриса әрі әнші Дженнифер Лопес балаларымен бірге «Реал Мадрид» ойынын көргенді ұнатады. Актриса Пенелопа Крус, актерлер Том Круз, Рассел Кроу, тіпті, «Кілегейлердің» басты қарсыласы «Барселона» ойыншысы Жерар Пикенің сүйіктісі Шакира да осы клубқа жанкүйерлер қатарынан. Антонио Бандерас та соғыс және Реалдың жеңілісі қатты қамықтыратынын айтқан.

8. Джастин Бибер «Барселона»

bb9be411ea21a5874594bbe9829127fd.jpg

Каталондық клуб жанкүйерінің бірі – атақты әнші Джастин Бибер. Ол топ ойыншысы Неймармен өте жақсы қарым-қатынаста. Әлемге әйгілі баскетболшы – Коби Брайант өзім ойнамағанда, «Барселонаның» барлық матчын көруге тырысам деген болатын. Жазушы Эрнест Хеменгуэй футболға қызығушылығы «қызыл – көк жеделілердің» ойындарын көруден басталған екен. Актер Хавьер Бардем, рэпер Снуп Дог , Михаэл Шумахер де «корольдік» клуб үшін ішкен асын жерге қояды.

9.Новок Джокович - «Милан»

d429d933d0dc0e029669513e8c8f3937.jpg

Әлемнің алдыңғы қатарында тұрған теннисші Новок Джокович Миланға өмір бойы жанкүйер болып өтетінін берген сұхбатында айтқан болатын. Атақты италияндық әнші Тото Кутуньо, әйгілі дизайнерлер Джорджио Армани, Доменико Дольче және Стефано Габбана, Донателла Версаче, Италияның экс-премьері Сильвио Берлускони, актер Джордж Клуни.

10. Андриано Челентано – «Интер»

7ff18413065044bb4f8f9d51e60e4f0a.jpg

Миландық клубтың атақты жанкүйерлері – Андриано Челентано, модель Адриана Лима, актриса Моника Беллуччи. Италияндық «мачо» атанған Челентано «Интер» әнұранына айналған ән айтып, тіпті қарсыласы «Милан» клубының басшысы Сильвио Берлусконимен сөзге келіп қалып отырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер