Мейвезер Головкиннің жеңісіне сенбейді
![Мейвезер Головкиннің жеңісіне сенбейді](https://prosports.kz/upload/news/content/17a3c953ca3af97a196a3251b769cf85.jpg?v=28650042)
Бес салмақ дәрежесіндегі экс-әлем чемпионы, америкалық кіші Флойд Мейвезер мексикалықтың жеңіске жететініне сенімді.
«Мен «Канелоның» жеңіске жететінін болжап отырмын. Оның Чавеспен өткізген кездесуін тоқтату керек еді. Чавес сол кеште бокс грушасына айналды», - деп Мейвезердің сөзін BoxingScene.com жеткізді.
Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Флойд Мейвезер мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізген болатын. Сол кездесуде мексикалық кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшыраған.
Осыған дейін Оскар Де Ла Хойя кіші Мейвезерге Головкин – Альварес кездесуінің жеңімпазымен кездесу үшін мансабын қайта бастауды ұсынған еді.