Әлем футболы
Футбол

Бір анадан туғандар бір-біріне қарсы ойнады

Бір анадан туғандар бір-біріне қарсы ойнады
news-banner7
mobile-news-top

8 мамырда өткен «Арсенал» мен «МЮ» жастар құрамасы арасындағы ойында 3 ағайынды жасыл алаңға шықты.

МЮ сапында 20 жасар Мэттью Уиллок, ал Арсенал жастар командасында оның інілері – Крис (19) пен Джо (17) өнер көрсетті. Мэттью мен Крис толықтай ойын көрсетсе, Джо 2-ші таймға матчқа араласты. Алғашқы кезеңде Арсенал 2:0 есебімен басым түсті. Кейіннен, «қызыл сойқандар» есепті теңестіре алды. Жалпы, 3 ағайындының бір-біріне қарсы ойнауы футбол тарихында 2-ші рет тіркелген екен. Алғаш рет 19 жыл бұрын ағайындылар Денни, Род және Рей Уоллостың «Саутгемптон» мен «Шеффилдтің» сапында өнер көрсетуі әлемді таңғалдырған болатын.

667bf050dd81ef703e40118243180c88.jpg

79393867532aec32c31b49b72493e47b.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер