Баскетбол

«Астана» үшін ВТБ Бірегей лигасы аяқталды

«Астана» үшін ВТБ Бірегей лигасы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Ширек финалдық серияның үшінші матчында елордалық «Астана» өз алаңында ЦСКА-ға жол берді.

Кездесу 91:73 (19:15, 25:10, 20:25, 27:23) есебімен аяқталды. Осылайша, елордалық баскетболшылардың ВТБ Бірегей лигасындағы бесінші маусымы мәресіне жетті.

Тұрақты чемпионатта «Астана» 8-ші орын алып, плэй-офф кезеңіне өткен болатын. Ширек финалда Еуропадағы үздік клубтардың бірі мәскеулік ЦСКА-мен кездесті. ВТБ Лига және Еуролиганың қазіргі чемпиондары астаналық клубты үш ойында да жеңді.

Алғашқы он минуттықтың қорытындысы бойынша елордалық клуб азулы қарсыласына күш көрсете алған, ЦСКА тек 4 ұпайға ғана озып тұрды. Бірақ екінші кезеңде ресейлік клуб ойынды өз қолына ала бастады: осылайша, ойындағы ұпай айырмашылығы 20-ға жетті (үлкен үзілісте 44:25). Астаналықтар есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, мәскеуліктер мүмкіндік берген жоқ.

Ең нәтижелі ойыншылар:

«Астана»: Роберт Лоури (20+6+5), Усман Крубалли (15+9), Родерик Одом (11+8)

ЦСКА: Нандо Де Коло (18+8), Виталий Фридзон (14), Джоэл Фрилэнд (13), Дмитрий Кулагин (12)

Нәтижесінде, ресейлік клуб жартылай финалға өтті, енді олар «Локомотив-Кубань» - УНИКС жұбының жеңімпазымен кездеседі.

1c08f526cc18751786637af91c88f35f.jpg

6a741c4c8c345fa18a627af38ee832b9.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер