Теннис

Мадрид турнирінің жеребесі тартылды

news-banner7
mobile-news-top

Мамырдың 7-14 аралығынды Испанияның Мадрид қаласында ATP турының Мастерс турнирі өтеді.

Бүгін сол жарыстың жеребесі тартылды. Әлемнің бірінші ракеткасы саналатын британиялық Энди Маррей румыниялық Мариуш Копил мен испаниялық Гильермо Гарсия Лопес кездесуінің жеңімпазымен шығады.

Сербиялық Новак Джокович Робредро - Альмагро жұбының мықтысымен күш сынайды.

Ал турнирдің үшінші ракеткасы Стэн Вавринка Бэнуа Пэр – Каррена Буста кездесуінің жеңімпазымен кездессе, Рафаэль Надаль португалиялық Жоао Соуза не италиялық Фабио Фогнинимен айқаспақ.

Айта кетейік, аталмыш турнир сеткасының толық нұсқасын мына сілтемеден көрсеңіз болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер