Футзал

Рикардиньо: Ұжымдық жұмыс нәтиже берді

Рикардиньо: Ұжымдық жұмыс нәтиже берді
news-banner7
mobile-news-top

«Интердің» ойыншысы Рикардиньо финалдан кейін ойын жайлы пікір білдірді. Естеріңізге сала кетейін, «Интер» португалиялық «Спортингпен» болған мачта 7:0 есебімен жеңіске жетіп, УЕФА кубогының иегері атанған болатын.

- Ойын сіздер үшін жеңіл өтті ме? «Қайратпен» болған кездесу финалдан қиынырақ болған жоқ па?

- Ойын оңайға соқпады. Әрине, екеуі екі түрлі матч болды. Финалда жеңіл болды дегенге келіспеймін. «Спортингпен» өткен ойында берілген мүмкіндікті құр жібермедік. Жақсы ойын көрсетуге тырыстық. Нәтижесінде жеңіске жете алдық.

- Шабуыл нәтиже берді ме әлде қорғаныс па?

- Қорғаныс деуге болады. Біздің қорғанысымыз, біздің прессинг, біздің қақпашымыз, біздің ұжымдық жұмыс нәтижеге септігін тигізді. «Спортинг» - жақсы команда. Оларға қарсы ойын оңайға соқпады.

- Осыған дейін сіздер финалда жеңілдіңіздер. Бүгін кубокты ұтып алдыңыздар. Сіздер есе қайтардыңыздар ма?

- Жоқ, бұл реванш емес. «Газпроммен» кездескенде реванш алған болатын едік. Біз «Юграмен» кездескіміз келді. Жалпы осы аптада жақсы жұмыс істедік. Турнир тамаша ұйымдастырылған. «Қайрат» - керемет команда. Осы шараға атсалысқан әр адам жақсы жұмыс істеді деуге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер