Футзал

Сүлейменов: Жанкүйерлерді қуантқымыз келді

Сүлейменов: Жанкүйерлерді қуантқымыз келді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК капитаны Дінмұхамед Сүлейменов ойын жайлы өз пікірімен бөлісті. Естеріңізге сала кетейін, үшінші орын үшін өткен матчта «Қайрат» ресейлік «Юграмен» 5:5 есебімен тең түсіп, ойын соңындағы пенальтиде басым түскен болатын.

- Әрине, көңіл-күйім кермет. Біз үшінші рет қола медаль алдық. Жанкүйерлер алдында жауапкершілікті сезіндік. Оларды қуантқымыз келді. Көрермендер Төрттік финал басталғалы бізді қолдап, алға ұмтылдырды. Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Жігіттер барын салды.

- Бүгін команда бірнеше рет есепте артта болып, қуып жетті. Ал, ойын бітерде жеңісті ұстап қала алмадық. Осы жайлы айтып өтсеңіз...

- Жоқ, жігіттер соңына дейін барып салып ойнады. Тағы да көбірек гол соғуға ұмтылды. Игитаны ойынға қосып, шабуыл ұйымдастыруға тырысқанымызды көрдіңіздер. Ол ойында өзін жақсы көрсетіп, пенальти кезінде де шеберлігін паш етті. Бүгін барлығы жүз пайызға дайын болды.

- Бүгін сізге қаншалықты қиын болды?

- Қарсыластың құрамында ірі әрі өте мықты шабуылшылар көп болды. Әрине, оңай болған жоқ. Барымды салып, қателік жібермеуге тырыстым. Менің ойымша, тапсырманы орындадым.

- Сіз ойынды соңғы төрттіктің құрамында аяқтадыңыз. Қандай сезімде болдыңыз?

- Бұл тактикалық әдіс еді. Олар шабуылдаушы ойын көрсеткенде, біз қорғанысты көбірек ойладық. Біз осы тактикаға дайындалғанбыз. Сондықтан өзімді жақсы сезіндім.

- Пенальти сериясы лотерея ма әлде ойыншылардың шеберлігі ме?

- Бұл жерде кез-келген жағдай нәтижеге әсер етуі мүмкін. Бұл жер де сәттілік те, ойыншылардың шеберлігі де, психологиялық жағдай да себеп бола алады. Дегенмен бұл көбіне лотерея деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер