Футзал

Какау: Өз қателігімізден жеңіліс таптық

Какау: Өз қателігімізден жеңіліс таптық
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» бас жаттықтырушысы Какау Төрттік финалдың аясында өткен «Интермен» болған ойын жайлы пікір білдірді.

- Бірінші таймда біз жақсы ойнадық. Екінші таймда олар мықтырақ болды. Қарсыласымыздың деңгейі жоғары. Нетоның жоқтығы білініп қалды. Бірақ Нето жоқта команда құрдымға кетті деп айтуға болмайды. Кей жерлерде тәжірибенің жоқтығы, ойыншылардың деңгейі көрініп қалды. Ойынға келген көрерменге алғыс айтамын. Жанкүйерлеріміз жігерлендірді. Жеңіліп жатсақ та бізді алға жүгіруге ұмтылдырды. Қарсылас бізден жақсырақ ойнады. Дугластың ойыны қандай деңгейде екенін көрдіңіздер. Ол - қаһарман ойыншы. Өз қателігімізден пенальти әкелдік. Пенальти дұрыс қойылды. Ол жерде Диваней болып қалды. Әйтпесе ол қорғаушы емес. Дуглас ауысып үлгермеді. Команданың шаршағаны да осы нәтижеге себеп болды. Бірақ бұны біз сылтау қыла алмаймыз.

- Қарсыластардың құрамында Рикардиньо бар. Оған өз ойынын көрсетпеу үшін тактика қолдандыңыз ба?

- «Интер» - тек Рикардиньо емес. Оның құрамында Бразилия құрамасында ойнайтын төрт ойыншы бар. Әлем чемпиондары бар. Сондықтан деңгей жағынан бізден жоғарырақ болды. Біз Рикардиньоны ойнатпауға тырыстық. Бірақ ол өте мықты ойыншы. Ол – Рикардиньо. Жекелей және командалық ойында ол өзін тамаша көрсете алды. Қайталап айтамын, үзіліске дейін жақсы ойнадық. Екі-үш мүмкіндікті қолдана алмай қалдық. Үшінші голды соғып, ойын тағдырын шешіп кетуге болатын еді. Бірақ біз қолымызда бар мүмкіндікті қолдана алмадық. Дегенмен матч соңына дейін тең дәрежеде ойын көрсеттік. Бізге соңғы минутта гол кірді. Енді біз үшінші орынға таласып, жарыстан абыроймен кетуіміз керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер