Футзал

«Спортинг» финалда!

«Спортинг» финалда!
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА кубогының Төрттік финалында өткен алғашқы матчта «Югра» мен «Спортинг» кездесті.

Алғашқы тайм бірден командалардың шабуылдарымен басталды. Екі ұжым да бірінші болып қақпадан саңылау табуға тырысты. 2-ші минутқа дейін «Югра» екі соққы бағыттап үлгерді. Дегенмен доп қақпадан биік ұшты. Бұған Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео соққымен жауап берді. Бірақ португалиялық клубтың бұл ұмтылысы да нәтижесіз аяқталды. Таймның 5-ші минутында «Спортингтің» ойыншысы Диого алыс бұрышқа соққы бағыттап көрді. Португалиялықтардың өкінішіне қарай, доп қақпаға дарымады. 6-шы минутта Катата ойын тәртібін бұзып, матчтағы алғашқы сары қағазды алды. Сол нүктеден айып добын орындаған Лео қорғаушыны дәл көздеді. Кейін серпілген допты тағы қайтара тепкен бразилиялықтың добы мүлде қиыс кетті. Екі минут өткеннен кейін ресейліктер қауіпті шабуыл ұйымдастырып, бірнеше жойқын соққы бағыттады. Дегенмен қақпашы Маркао өз орнынан табылды. Тағы бір сондай шабуылдардың бірінде Лео ереже бұзып, сары қағаз алды. 12-ші минутта «Спортингтің» ойыншы Кайо қақпаны дәл көздеді, бірақ қақпашы өз орнынан табылды. Ал 15-ші минутта Лео тепкен доп бағанадан кейін серпілді. Қалған бес минуттықта ойын тең дәрежеде өрбіді. Бірінші кезең 0:0 есебімен тең аяқталды.

Екінші таймда командалар сол қарқынын жоғалтпады. «Спортингтің» қақпашысы Маркаоның бірнеше мәрте ойынға араласуына тура келді. 21-ші минутта Афанасьев Кавинатоға қарсы ереже бұзып, сары қағаз алды. Кейін дәл осы Кавинато бірнеше рет қарсылас қақпасына соққы бағыттады. Дегенмен доп бірде қақпашының қолынан табылса, бірде қиыс кетіп жатты. «Спортинг» қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қажет кезінде қарымта шабуылға да ден қойды. Сондай шабуылдардың бірінде Алекс Мерлим есеп ашты. Орталық алаңда қарсыласын алдап өтіп, сол қапталдан жойқын соққы бағыттаған Мерлим, қақпа торында доп тулатты. Бірден есепті теңестіруге көшкен ресейлік клубтың ойыншылары алға ұмтылды. Бірақ «Спортинг» қорғаушылары допқа тосқауыл бола алды. Сонымен қатар, Диого мен Кайо реті келсе өздері де соққы бағыттап көрді. 32-ші минутта Део тепкен допты Купатадзе сәтті қайтарған болатын, бірақ қақпашы аяғын ауыртып алды. Ресейлік клубтың бақытына қарай, қақпашы ойынды ары қарай жалғастырып кетті. 34-ші минутта «Спортингтің» ойыншысы Диегиньо қарсылас қақпасының алдандағы қарбалас сәтте гол соқты. Ресейлік клуб алаңдағы бесінші ойыншыны іске қосты. Онысы сәтті болды да. Ойынның 38-ші минутында Шаяхметов есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 1:2, португалиялық клуб финалға шықты.

УЕФА кубогы. Төрттік финал. «Алматы Арена»

«Югра» - «Спортинг» - 1:2

Голдар: Шаяхметов 38' - Алекс Мерлим 25’, Диегиньо 34'

Ескерту қағазы: Катата («Югра»), Афанасьев («Югра) – Лео («Спортинг»)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер