Зарина Дияс Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдағы Аннингте өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты.
1 сағат 7 минутқа созылған кездесуде Зарина Дияс Грекия елінің өкілі Валентини Грамматикопулуды жеңді. Кездесудегі есеп 6:3, 6:1.
Финалға берілер жолдаманы қазақстандық теннисші австралиялық қыз Арино Родионовамен сарапқа салады.