Футзал

Какау: «Интердің» жетістігін қайталауға тырысамыз

Какау: «Интердің» жетістігін қайталауға тырысамыз
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда өтетін УЕФА кубогының Төрттік финалының алдында алматылық «Қайрат» баспасөз-мәслихатын өткізді. «Қайраттың» бас жаттықтырушысы Какау команданың дайындығы жайлы айтып берді.

- Біріншіден Қазақстан құрамасы мен әріптесім Алесионы құттықтағым келеді. Бұл біз үшін де, жанкүйерлеріміз үшін де пайдалы деуге болады. Көрермендер атмосфераны сезініп, сол қалпымен «Қайратты» да қолдайды деп сенеміз. Сонымен қатар, жақында команда «Синарамен» жолдастық кездесу өткізді. Матчтар біз үшін пайдалы болды. Бүгін видео көріп бастадық. Қарсыласымызды зерттеудеміз. «Интердің» ойындарын көріп, талдап жатырмыз. «Интер» үш рет УЕФА кубогын жеңіп алған. Біз де осы жолы жеңіске жетіп, олардың жетістіктерін қайталауға тырысамыз. Олардың құрамында әлемнің үздік ойыншыларының бірі Рикардиньо бар. Бірақ біздің құрамда үздік қорғаушылардың бірі Дуглас, қорғаныста жақсы ойнай алатын капитанымыз Дінмұхамед, жақында ғана командаға келген Кабреува, сонымен қатар тамаша ойыншы Диваней бар. Біз ешкімнен қорықпаймыз. Барлық қарсыласымызды сыйлаймыз, бірақ қорыққан емеспіз.

- Өз жеріңде ойнаған кезде жанкүйерлердің қолдауы көмек болары сөзсіз, бірақ бір жағынан бұл командаға үлкен қысым ретінде әсер етуі мүмкін. Алдағы Төрттік финалда бұл екеуінің қайсысы көбірек болады?

- Мен үнемі өз алаңымда ойнағанды ұнатамын. Себебі мачта бізді қолдайтын халық болады. Ұйымдастырушылық жағына келер болсақ, бұл міндет маған жүктелмейді. Сондықтан мен бұның қаншалықты қиын екенін білмеймін. Бірақ біздің басшылықтың қалай жұмыс істеп жатқанын білемін. Ұйымдастырушылыққа көп уақыт бөлінеді. Себебі бұл - УЕФА кубогының Төрттік финалы. Сонымен қатар, Алматыға өте мықты командалар келеді. Біз жанкүйерлеріміз үшін барымызды саламыз. Біз қарсыластарымыздың мықты жақтарын зерттеп, қарсы шара қолданамыз.

- «Интер» өте нәтижелі командалардың бірі. Испания чемпионатында бірінші орында келе жатыр. Әр ойында 7-8 гол соғады. Әлемдік деңгейдегі мықты клубқа сіздің команда қалай қарсы тұра алады?

- 2013 жылы «Барселона» да дәл осындай команда еді. Бірақ біздің Еременко кубогындағы ойындарымызды ұмытпау керек. Сол турнирге қатысқан кез келген команда Испания чемпионатында да ойнай алады. Біз олардың өз ойындарын көрсетуіне тосқауыл болу үшін дайындалып жатырмыз. Қазір барлық командалардың ойындарын интернетте таба аласың. Команда өте жоғарғы деңгейде ойнайды. Біз жеңіс үшін күресеміз. Біздің мақсатымыз – жеңіс.

- Сіз «Интердің» ойындарын көрдім деп айтып қалдыңыз. Басқа команданың ойынын көрдіңіз бе?

- Әр күні тек «Интермен» ғана жұмыс істейміз. Басқа команданы осы ойын біткеннен кейін ғана қарастырамыз.

- Жаңа «Интер» мен «Барселона» жайлы айтып өттіңіз. Екеуін салыстыра аласыз ба?

- «Интермен» ойнағанбыз. Ол басқа «Қайрат» болатын. Қазіргі күні біздің құрамда кез келген командаға қарсы ойнай алатын жергілікті ойыншылар бар. Бұрын тек төрт бразилиялық ойыншы болатын. Бүгінгі таңда «Қайрат» одан да мықты деңгейге шықты. Сонымен қатар, жергілікті ойыншыларды да қатарға қосып жатырмыз. Бұл басқа деңгей. Бұрын футзал да басқа болатын. Бүгінгі күні футзал тактика мен жылдамдықты талап етеді. «Барселона» қазіргі «Интер» сияқты болатын. Бірақ «Интер» қазіргі күні мықтырақ. Сондықтан біз олардың ойындарын қарап, соларға қарсы матчқа дайындық жүргізіп жатырмыз. Бүгін олардың қимыл-қозғалысын жасап, жаттығу жасаймыз. Себебі команда доппен және допсыз да қозғалыста жүреді. Әлі бір апта уақытымыз бар. Біз бұл ойынға жақсы дайындықпен барамыз деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер